Геннадий Головкин жайлы проморолик жарияланды

WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин жайлы проморолик жарияланды.

Тengrinews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, бұған дейін Геннадий Головкиннің америкалық боксшы Доминик Уэйдпен көз арбасқан. Головкин-Уэйд кездесуі 23 сәуірде "Форум" аренасында өтеді. Қазақстандық спортшы бұл жолы WBA титулын 16-шы рет, IBO атағын 13-шы рет, WBC (Interim) белбеуін төртінші рет және алғаш рет IBF титулын қорғайды. Головкин кәсіпқой бокста 34 жекпе-жек өткізіп, оның 31-ін уақытынан бұрын аяқтады. Ал Уэйдтің қоржынында 18 жеңіс бар. Ол 12 жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или