Қазақстандық ару Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық ару Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық спортшы Зейнеп Баянова Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әйелдер күресінен 50 келіге дейінгі салмақта сынға түскен 23 жастағы Баянова үшінші орын үшін белдесуде үндістандық Дипаншимен кездесті. Қазақстандық балуан қарсыласына еш мүмкіндік бермей, белдесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Медаль үшін белдесуге дейін Баянова үш кездесу өткізді. Алғашқы белдесуінде моңғолиялық Мунхар Биамбасуренді 8:4 есебімен жеңді. Кейін Оңтүстік Корея өкілі Миран Чеоннан 7:3 есебімен басым түсті.

Жартылай финалда Баянова жарыс қожайыны, осы салмақтағы жеңіске басты үміткерлердің бірі саналған Юи Сусаканың қарсыласы болды. Жапониялық балуан 4:0 есебімен жеңіске жетіп, қазақстандық спортшыны қола жүлде үшін белдесуге жіберді.

Үшінші орын үшін шешуші кездесуде Баянова мүмкіндігін тиімді пайдаланып, Қазақстан құрамасының қоржынына Азия ойындарының кезекті медалін салды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или