Қазақстандық джитсер Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық джитсер Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық спортшы Нұржан Батырбеков Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Джиу-джитсудан 69 келіге дейінгі салмақта өткен жарыстың финалында Қазақстан өкілі БАӘ спортшысы Ахмед Андизбен кездесті. Шешуші жекпе-жекте БАӘ спортшысы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Батырбеков екінші орын алып, Қазақстан құрамасының қоржынына күміс медаль салды.

Айта кетейік, ширек финалда қазақстандық спортшы Филиппин өкілі Марк Александер Лимді 4:2 есебімен жеңген еді. Ал келесі белдесуде Батырбеков сингапурлық Ноа Тян Жун Лимнен 7:0 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или