Мейіржан Шермаханбет Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Мейіржан Шермаханбет Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық грек-рим күресінің өкілі Мейіржан Шермаханбет Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

67 келіге дейінгі салмақтағы қола жүлде үшін белдесуде қазақстандық спортшы моңғолиялық балуан Ганбаяр Намсраймен кездесті. Шермаханбет алғашқы минуттардан-ақ бастаманы өз қолына алып, кездесуді 11:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады.

Осылайша, Мейіржан Шермаханбет биылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Еске салайық, 2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен алдыңғы Азия ойындарында Шермаханбет 67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, күміс медаль жеңіп алған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или