Азия ойындарынан тағы бір жүлде қоржынға түсті

Азия ойындарынан тағы бір жүлде қоржынға түсті

Қазақстандық балуан Әділет Ахметғали 2026 жылғы жазғы Азия ойындарындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әділет Ахметғали кураштан қола жүлдеге ие болды.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында отандасымыз тәжірибелі өзбек балуаны Ахрор Зиёдуллаевпен кездесті. Қазақстандық балуан қарсыласына өз күресін таңу мүмкіндігін таппады. Өзбек спортшысы 10:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, жарыстың финалына жолдама алды.

Ал Әділет Ахметғали үшінші орынға көтеріліп, Қазақстан құрамасының қоржынына Азия ойындарының кезекті медалін қосты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или