Досжан Қартықов Азия чемпионы атанды

Бангкокта өтіп жатқан күрестен Азия біріншілігінде жерлесіміз Досжан Қартықов 75 келі салмақ дәрежесінде топ жарды.

Грек-рим күрестен Азия чемпионатының финалында қазақстандық балуан өзбекстандық Дильшод Турдиевті жеңді. Сондай-ақ, Досжан Қартықов жарыс жолында Тайвань, Түркменстан мен Иран елінің спортшыларын жеңді.

Тағы бір финалисіміз Асхат Жанбыров (66 келі) ақтық кездесуде оңтүстік кореялық Чой Ги Уктан ұтылып қалды.

Ал Азия чемпионатының қола жүлдесіне Мейрамбек Айнағұлов (59 келі), Дархан Баяхметов (71 келі), Асхат Ділмұхамедов (80 келі) пен Дамир Күзембаев (130 келі) қол жеткізді.

Командалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орын иеленді. Көш басында – Иран.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или