Қазақстан Азия-2026 ойындарында үстел теннисінен 1/8 финалға шықты
Қазақстан ерлер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы үстел теннисінен командалық турнирдің топтық кезеңін сәтті аяқтады. Қазақстандықтар қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізіп, 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Топтық кезеңдегі алғашқы матчта Қазақстан құрамасы Бангладеш командасын 3:0 есебімен жеңді. Одан кейін қазақстандықтар Сингапурды 3:1 есебімен ұтып, жеңісті сериясын жалғастырды.
G тобындағы соңғы кездесуде Қазақстан құрамасы Лаос командасымен ойнады. Матч Кирилл Герасименконың жеңісімен басталды. Кейін Алан Құрманғалиев өз қарсыласынан жеңіліп қалды.
Соған қарамастан, Қазақстан құрамасы Санжар Жұбановтың жеңісінен кейін қайта алға шықты. Бұдан соң Герасименко тағы бір кездесу өткізіп, ұлттық құрамаға қажетті үшінші ұпайды әкелді.
Лаосқа қарсы матчтың қорытынды есебі — 3:1, Қазақстанның пайдасына.
Топтық кезең қорытындысы бойынша Қазақстан алты ұпай жинап, G тобында бірінші орын алды. Осы нәтижемен қазақстандықтар Азия ойындарындағы командалық турнирдің 1/8 финалына жолдама алды.