Қазақстан құрамасының Рио Олимпиадасына арналған киімі таныстырылды

Қазақстан құрамасының Рио Олимпиадасына арналған киімі таныстырылды

Астанада Қазақстан құрамасының бразилиялық Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына арналған киімі таныстырылды.

"Біз 20 жылдан бері киім тігумен айналысып келеміз. Сочи олимпиадасы, Универсиадалар - біздің коллекциямыз, - деді өндіруші компанияның директоры Елена Свечникова. - Матасына келсек, әр өнімнің өз өндіруші елі бар - Тайван мен Түркия. Олар спорт саласындағы шикізат өндіруге маманданған. Біз стреч материалын қолданамыз. Жейделерге ауа өткізетін матаны қолдандық. Ауа өтетін арнайы тесіктері бар. Құнының қанша екенін айта алмаймын - мәлімет ашық".

Tengrinews.kz ақпараттық порталының хабарлауынша, модельдермен жұмыс бойынша арнайы комиссия құрылып, оған Олимпиада чемпиондары кірді. Жеңілатлет Ольга Шишигина спорт киіміне сын айтпады, бірақ сын шеруге киіп шығатын нұсқасына айтылды - оның айтуынша, олар ұсынған идеяларды өндірушілер іске асыра алмаған, сондықтан әйелдерге арналған жейдеше мен белдемшені жетілдіру керек деп кеңес айтты. Шеруге арналған форманың концепциясын компания жетекшісі айтып берді.

"Біз ұлттық байрақтың мотивін түстер реңкіне қолданбадық. Біз басқаша істейміз. Түсі көк және ашық. Олар жақсы үйлеседі. Шалбар ақшыл сары. Аяқ киімді таңдадық. Материалы - лавсаны бар жүн. Қолайлы болуы үшін арнайы солай жасадық, - деді "Қазжеңілөнеркәсіп-Алматы" компаниясының директоры Айбек Бектұрғанов. - Сынға келер болсақ, мен бір мәселені түсіндім, он адам, он пікір. Бірінші нұсқасы ретінде олар көйлекті таңдады, енді оларға ұнамай қалды... Екіншісі жақсырақ екен. Қазір енді өзгертеміз".

Айта кетейік, Рио-де-Жанейрода жазғы Олимпиада ойындары 2016 жылдың 5-21 тамызы аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или