Қазақстан құрамасы көкпардан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалына шықты

Қазақстан құрамасы көкпардан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалына шықты

Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Көшпенділер ойындарындағы топтық кезеңнің соңғы турында Венгрияны 9:4 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жеңіс қазақстандықтар үшін алдын ала кезеңдегі екінші болды. Осылайша, құрамамыз В тобында бірінші орын алды.

Енді Қазақстан құрамасы финалда турнир қожайыны — А тобында топ бастаған Қырғызстанмен кездеседі. Шешуші ойын 6 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 13:00-де басталады.

Екі команда үшін де бұл Көшпенділер ойындарындағы қатарынан үшінші финал болмақ. Бұған дейінгі екі финалда да қазақстандық шабандоздар басым түсіп, 4:3 және 5:4 есебімен жеңіске жеткен.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтіп жатыр және 6 қыркүйекте аяқталады. Көкпардан өтетін финал жарыстың қорытынды күніндегі басты додалардың біріне айналмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или