Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында тағы екі медаль жеңіп алды
Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы қоржынына тағы екі медаль түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ұлттық құрамаға кезекті алтын медальді Абзал Төлібеков сыйлады. Қырғыздың дәстүрлі жамбы ату жарысында қазақстандық спортшы садақ атудан жоғары дәлдік көрсетіп, жарыс қорытындысы бойынша тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.
Ал Нұрсұлтан Қожагелді Ойындардың қола жүлдегері атанды. Ұлттық күрестің дәстүрлі түрі — алыш күресінен өнер көрсеткен Қазақстан құрамасының спортшысы жүлделі орынға дейін жетіп, турнирді үшінші орынмен аяқтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или