Қазақстан спортшыларының Рио Олимпиадасында жүлделі болу мүмкіндігі төмендеп кетті

Қазақстан спортшыларының Рио Олимпиадасында жүлделі болу мүмкіндігі төмендеп кетті

Қазақстандық спортшылардың Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарында жүлделі болу мүмкіндігі күрт төмендеді. Infostrada сараптама орталығы 2016 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының жүлделі орындарды иелену мүмкіндігін есептеді.

Тengrinews.kz сайтының ақпаратына сүйенсек, сарапшылар Қазақстан жалпыкомандалық есепте 28-орын алуы мүмкін екенін айтады. Айта кетейік, 2015 жылдың тамызында мамандар Қазақстан құрамасының 15-орында болатынын айтқан еді. Ол кезде мамандар алтын-күміс-қола жүйесі бойынша ұлттық құраманың 6-4-3 медаль алатынын болжаған еді. Қазір болжам 2-5-7 болып өзгеріп отыр. Айта кетейік, жүлдегерлер тізіміне Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин енгізілмеген.

Мамандардың болжамы бойынша, бірінші орынды 42-24-28 медальмен АҚШ құрамасы алады. Ал екінші орынды 34-31-17 медальмен Қытай елінің спортшылары, үшінші орынды 25-20-24 медальмен Ресей құрамасы алуы мүмкін.

Айта кетейік, 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындары 5 тамызда Рио-де-Жанейрода басталады. Алдыңғы Олимпиада ойындары Лондонда өткен еді. Ол кезде Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 12-орын алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или