Спорт федерацияларындағы қазақ тілінің жағдайы қалай

Спорт федерацияларындағы қазақ тілінің жағдайы қалай

Футзалдан Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатында сенсациялық түрде қола жүлде алғанын БАҚ өкілдері жарыса жазған. Олардың ішінде Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты да мәлім етті. Бірақ тек орыс тілінде, ал қазақша бөлімінде соңғы рет құраманың Испаниядан ұтылғаны ғана хабарланған, қола жүлде туралы сөз жоқ. Осы тұста «PROСПОРТ» тілшісі отандық спорт федерацияларының ресми сайттарын ақтарып, қазақ бөлімінің қазіргі жағдайымен танысты.

ҚФФ сайтында соңғы рет қазақша жаңалық 12 ақпанда жарияланған. Сол кезден бері қарай біздің футзалшылар ЕУРО-ның қола медалін алып, Алматыға ұшып келіп, талай сұхбаттар беріп тастады. Федерация президенті Ерлан Қожағапановтың құттықтау сөзі де жоқ.

Ал грек-рим, еркін және әйелдер федерациясының ресми сайты өз оқырмандарын жаңалықтармен белсенді қамтып отыра бермейді екен. Порталда қазақ тіліндегі соңғы материал өткен айдың соңында ғана салынған. Содан бері екі аптадан көп уақыт өтсе де, біздің күрес федерациямызда жаңалық болмай жатқан шығар.

Ауыр атлетика федерациясы да өзінің ақпараттық ресми ресурсінде жаңалықтармен тұрақты бөлісіп тұрады. Тұрақты деп орыс бөлімін айтып тұрмыз, қазақ бөліміндегі соңғы жаңалықтың тақырыбын оқыңыз – «Жаңа жыл құтты болсын!». Иә, федерация порталы 2016 жылы тек осындай ғана материал салыпты. Соңғы төрт айда бұл портал қазақша үш қана жаңалық жариялаған.

Теннис федерациясының сайты да назарымыздан тыс қалмады. Бұл федерация портал оқырмандарын тың жаңалықтармен лезде бөлісіп отырады. Мысалы, осы ақпан айының өзінде 25 жаңалық салынған. Портал қызметкерлері бар күшін орыс бөліміне арнаса керек, қазақша бетінде биыл жаңалық жазылмаған. Былтырдың өзінде бес қана материал жарық көрген, оның соңғысы қыркүйек айына келеді екен. Соңғы бес айда біздің теннисшілер жекелей және жұптық жарыстарда бірнеше жарыстарда бақ сынап, Қазақстан әйелдер құрамасы Федерация кубогы аясында матчтарға қатысты – бұлардың бірінен де жаңалық жоқ. Дәл осындай күйді еліміздің бокс федерациясынан да көруге болады. Федерация сайтының орыс бөлімі белсенді болғанымен, қазақша парағында биыл жаңалық жазылмаған. Тіпті, былтыр салынғандардың саны да 10-ға жетпейді.

Велоспорт федерацияның ресми порталы да қуанарлық жағдайда емес. Бірден орыс бөлімімен ашылған порталдың белсенді еместігін көрген соң, қазақша бетінен үміт бірден үзілді. Қазақ бөлімінде бар болғаны 2 жаңалық тұр. Басқа ештеңе жоқ. Ал волейбол федерациясының сайтына кіріп, алданып қалғандай болдық. Мұнда қазақша беті ашылғанымен, ішінде түк жоқ – бос. Бір ақпарат, бір жаңалық таппадық. Қазақша бөліміне кіріп, жаңалықтар тетігін бассаңыз, орысша ескі мақалалар шығады. Болғаны осы ғана.

Ал допты хоккей мен баскетбол федерацияларының ресми сайттары да, басқалары секілді, орысша бөлімімен қарсы алды. Орыс тілінде жазылған жаңалықтарды бір қарап шығып, қазақ бөліміне ауысқымыз келген – таппадық. Сөйтсек, бұл федерациялар өз порталында қазақша парақшасын ашпаған екен. Жоғары жағына «Қазақстан баскетбол (немесе допты хоккей) федерациясы» деп жазбаса, қай елдікі екенін дәл айту қиынырақ болар еді.

Ал таеквондо федерациясы, тіпті, жаға ұстатты. Шетелдік оқырмандар көп кіретін болса керек, негізгі беті ағылшынша екен. Қазақ бөліміне кіріп, оны да бір қарап шықтық. Шүкір, ақпан айында үш жаңалық салыпты. Жоғарыдағы порталдарды аралап шыққан соң, «осыған да шүкір» деген халге жеттік.

Соңғы болып, дзюдо федерацияның ресми сайтын қарадық. Қуантқаны осы болды. Кірсеңіз, сізді бірден қазақша бөлімімен қарсы алады. Оның үстіне, дзюдоға қатысты жаңалықтарды да тұрақты жазып тұрған. Шамамен, екі апта уақыттың ішінде – 11 жаңалық. Басқаларымен салыстырғанда, тамаша көрсеткіш емес пе? Басқа федерациялар дәл осы дзюдошыларымыздың ресми сайтынан үлгі алса, болар еді.

Қазақстан футбол федерациясы: http://kff.kz

Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы: http://www.wrestling.kz

Ауыр атлетика федерациясы: http://wfrk.kz

Теннис федерациясы: http://www.ktf.kz

Бокс федерациясы: http://www.kfb.kz

Велоспорт федерациясы: http://cycling.kz

Волейбол федерациясы: http://www.volley.kz

Допты хоккей федерациясы: http://www.icehockey.kz

Баскетбол федерациясы: http://www.nbf.kz

Таеквондо (WTF) федерациясы: http://kaztkd.kz

Дзюдо федерациясы: http://fdk.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или