Ардақ Назаров: «Қазақ панкратионының болашағына сенемін»

Ардақ Назаров: «Қазақ панкратионының болашағына сенемін»

Ардақ Назаров – кәсіпқой спортшы, панкратионнан үш дүркін әлем чемпионы, Азия құрлығының абсолютті чемпионы. Қоян- қолтық айқастан және бокстан спорт шебері. Джиу-джитсудан 3-дан иегері. Қазіргі кезде жаттықтырушылық қызмет атқарып жүр.

- Спортшы ғана емес әдебиет пен тарихты бір кісідей білетін, жыраулар мен би-шешендерді өз деңгейінде зерттеп жүрген Ардақ шәкірттеріне спорттық тәлім ғана емес, сонымен қатар қазақы мінез бен ұлттық қасиеттерді бойға сіңіріп жүрген ұлағатты жан.

<o:p></o:p>

<o:p></o:p>

(Суретте Ардақ Назаров және «Alemfighters Team» жекпе жек клубының оғландары)<o:p></o:p>

- Әлем мойындаған чемпионды «Alemfighters Team» жекпе-жек клубында жас спортшыларды жаттықтырып жүрген жерінен сөзге тарттық.<o:p></o:p>

- Ардақ, қазіргі қазақ панкратионының жай-күйі туралы сөз қозғасақ...<o:p></o:p>

- Жалпы, панкратион елімізде кең қанат жайып келе жатыр. Қазақ жекпе жекке жақын халық қой, қызуқандылық қанымызда бар. Бабаларымыз жаугершілік заманда асқақ рухты, еркін болды ғой. Сондықтан бұл спорт түрі бізге тез сіңісіп кетті. Тегімізде бар қасиет. Атқарылып жатқан жұмыстарға келетін болсақ, ол - жетерлік.<o:p></o:p>

- Балалық шағыңыз қалай өтті, спортқа сізді кім әкелді?<o:p></o:p>

- Отбасымызда бес ұл, бір қыз тәрбиеленіп, өстік, Бесеуіміз де спортпен шүғылдандық, Бейбіт інім екеуміз кәсіби тұрде айналыстық. Ата-анам бізді чемпион болса деген арманмен спортқа жетелеп әкелді, Аллаға шүкір, сол армандары орындалды. Ауыл баласы ерте тұрып, мал бағып өседі. Ол да білген адамға өзіндік мектеп, қала берді, үлкен спорт. Спортқа деген қызығушылық ауылдың топырағына аунап-қунағаннан, жүгіріп-cекіргеннен бастау алды. Хан Тәңірінің етегінде, Райымбек бабамыз, Мұқағали өткен жерде спорттың қыр-сырын меңгердік. Жалпы, таланттың бәрі ауылда, ол жасырын емес.

<o:p></o:p>

- Әрине, «ер туған жеріне, ат тойған жеріне» деген бар. Туған ауылыңызда спорт мектебін ашу ойыңызда бар ма?<o:p></o:p>

- Ауыл – қазақтың алтын бесігі. Әр ауылдың мешіті, мәдениет үйі, спорт мектебі болуы керек. Сол кезде ғана қалаға ағылған жастар легін тоқтата аламыз. Имандылық, туған жерін құрметтеу сияқты асыл қасиеттердің бастауы – ауылда жатқанын айтқым келеді. Қазақ жігіттері жомарт, мәрт, тәкті болып өсуі тиіс. Спорт мектебін ашу жоспарымызда бар, алдағы уақыттарда болады деген үміттемін. Еліміздің бірнеше қаласында және Қытайдың Құлжа қаласында мектептеріміз жұмыс жасауда, 200-300-ге тарта спортшыларымыз жаттығып жүр. Бейбіт бауырымның осында 80-ге жуық тәлімгері бар.<o:p></o:p>

- Ізіңізді өкшелеп, жеңісті жолыңызды жалғастыратын ізбасарларыңыз көп шығар?<o:p></o:p>

- Біраз жігітті қойын дәптерге түртіп жүрмін. Алдағы уақытта әлемдік ареналарда өздерін көрсетеріне сенемін.<o:p></o:p>

- Тәлімгерлер санасына мықты мінез бен күшті қатар сіңіру мақсатында клубтарыңыздың атқаратын жұмыстары қандай?<o:p></o:p>

(Клубта осы кезде Ерболат Құдайбергеновтің «Мен қазақпын», «Біздің жігіттер» әні қосылып тұрған-автор).<o:p></o:p>

- Құр дайындықпен түк бітіре алмайсың. Спортшыны жауынгер етіп тәрбиелеу керек. Кезінде өткен батыр бабаларымыздың жүріп өткен жеңісті жолдарын санаға сіңіріп тұру өте маңызды рөл атқарады.<o:p></o:p>

- Кезінде Төле би бабамыз Абылайды, Қойгелдіні тәрбиеледі, оның сыртында қаншама баһадүрлерге өнегелі істерімен үлгі болды.<o:p></o:p>

«Төле би жайшылықта билік еткен,<o:p></o:p>

Соғыста найза ұстап ерлік еткен.<o:p></o:p>

Жорықта қолбасшылық іс атқарып,<o:p></o:p>

Үйретіп, жас ерлерге өнеге еткен» деген сөз бар. Біз де сондай патриоттарды тәрбиелесек ұтарымыз сөзсіз.

<o:p></o:p>

- Спорттан басқа тұсқа ойыссақ... Кітапсүйгіштігіңізді білеміз. Соңғы кезде қандай әдебиетті парақтадыңыз? Кімді оқып жүрсіз?<o:p></o:p>

- Көптеген ағартушыларымыздың шығармаларын жанымнан тастамаймын. Әр қазақ оқуға тиіс Абай хакім, Шәкәрім, Ахмет бабаларымыздың еңбектерін үнемі өзіме азық етемін және өзгелерге де үлгі етіп, айтып жүремін. Жырауларымыз бен шешендеріміздің жыр-өлеңдерін жаттығу кезінде, күнделікті өмірде де пайдаланамын.<o:p></o:p>

- Саясатқа араласу ойыңызда бар ма?<o:p></o:p>

- Жоқ.<o:p></o:p>

- Қазақстанда үлгі тұтатын адамыңыз кім?<o:p></o:p>

Қазіргілерден ешкімді үлгі тұтпаймын. Өткенге көз жүгіртер болсақ, Төле би, Қожамбет жырау, Абай атамыз, Мұқағали, айта берсек өте көп.<o:p></o:p>

- Сізге еліктейтін, өзіңіздей болғысы келетін жастарға айтар ақылыңыз қандай болмақ?<o:p></o:p>

- Қазақ - текті халық. Жойылып бара жатқан ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғырту қажет. Жас ұрпақтың мойнына артылар жүк те осы. Бұл жолда дінге, тілге, басқа да қасиеттерімізге көп көңіл бөліңіздер демекпін.<o:p></o:p>

<o:p> </o:p>

Сұхбаттасқан Мадияр Арстанбаев

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или