Жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада. Тұрсынбаева қысқа бағдарлама бойынша екінші орында

Норвегияның Лиллехамер қаласында жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, мәнерлеп сырғанаудан қыздар арасындағы сынның қысқа бағдарламасы бойынша қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева 59,11 ұпай жинап, екінші орында келе жатыр. Көш басында 60,87 ұпаймен жапониялық Юна Шириява тұр. Үздік үштікке латвиялық Диана Никитина енген, ұпайы 58,81.

Қыздар арасындағы сынның негізгі бағдарламасы 16 ақпанда өтеді. Жеңімпаз осы күні анықталады.

Қазақстан әзірге бұл олимпиадада бір қола медаль иеленді. Оны биатлоншы Арина Пантова жеңіп алған еді.Норвегияның Лиллехамер қаласында жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиада өтіп жатыр, деп жазады alaman.kz спорт сайты.

Мәнерлеп сырғанаудан қыздар арасындағы сынның қысқа бағдарламасы бойынша қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева 59,11 ұпай жинап, екінші орында келе жатыр. Көш басында 60,87 ұпаймен жапониялық Юна Шириява тұр. Үздік үштікке латвиялық Диана Никитина енген, ұпайы 58,81.

Қыздар арасындағы сынның негізгі бағдарламасы 16 ақпанда өтеді. Жеңімпаз осы күні анықталады.

Қазақстан әзірге бұл олимпиадада бір қола медаль иеленді. Оны биатлоншы Арина Пантова жеңіп алған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или