Дәстүрлі садақ атудан республикалық турнир жеңімпаздары анықталды
Астана қаласында дәстүрлі садақ атудан «Чемпиондар лигасы» деп аталатын республикалық турнир өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталмыш турнирде дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама мүшелері үш күннен бері үш нысана бойынша бақ сынады.
3 күнге жалғасқан бәсекенің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар өзара VI дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жолдама алады. Одан бөлек үздік нәтиже көрсеткен спортшыларға ақшалай сыйақы қарастырылған.
Нартай Сәрсенғалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Sadaq aty» Республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті:
- Көшпенділер ойынына баратын үш ерді, үш қызды анықтадық. Бүгін, бұйырса, жолдама алғанын өздеріңіз тамашалайсыздар. Бұдан бөлек осы чемпиондар лигасына келген спортшыларымызға, ұлттық құрамаға қосылғысы келген спортшыларды ынталандыра түсу үшін, біздің спортты келесі деңгейге көтеру үшін біз арнайы жамбы нысанасын қойдық. Бұл қазақтың ұлттық нысанасы. Біз қаңтар айында бұны әлемдік жарыстардың тізіміне енгіздік.
Жарыс жеңімпаздары:
«Жамбы» нысанасы:
Ерлер
1-орын. Жәнібек Кулмирзаев
2-орын. Әли Сейсегюзел
3-орын. Мақсат Әбдікеримов
Әйелдер
1-орын. Сабира Жаппар
2-орын. Әсемгүл Ғалымжанова
3-орын. Айкөркем Батихан
«Пута» нысанасы.
Ерлер
1-орын. Әли Сейсегюзел
2-орын. Қасымхан Қанат
3-орын. Мұрат Лұқпанов
Әйелдер
1-орын. Айкөркем Батихан
2-орын. Аяш Қабдоллаева
3-орын. Гүлназ Жариева
Айта кетейік, 2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары тамыз айының соңында Қырғызстанда өтеді.
Астанада өткен аламан бәйгенің жеңімпазы анықталды
Астанада дәстүрлі садақ атудан Қазақстан чемпионаты өтеді
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнайы мәртебе белгілемек