1XBET - ставки на спорт

«Астана» Конференция лигасына қатысады ма?

«Астана» Конференция лигасына қатысады ма?

Елордалық «Астана» клубының бас бапкері Григорий Бабаян клубтағы қаржылық қиындықтар туралы және еурокубокқа қатыспай қалу қаупі барын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz

«10 күннен кейін Қазақстан намысын Еуропада қорғауымыз керек, бірақ дәл қазір бізде ештеңе жоқ. Логистика және басқа да жоспарлар жүйелі жасалды, бірақ инвестор жоқ. Қалай боларын білмейміз. Қалай барып ел намысын қорғаймыз? Түсініксіз. Тіпті, шындыққа тура қарасақ турнирге қатыспай қалуымыз да мүмкін»,- деп пікір білдірді елордалық ұжымның бас бапкері ҚПЛ аясында өткен «Жеңіске» қарсы матчтан (2:2) кейінгі баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, елордалық «Астана» УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне шығу үшін албаниялық «Динамо Ситимен» күш сынасады. Алғашқы кездесу 2026 жылдың 9 шілдесінде Тиранада, қарымта матч 16 шілдеде Қазақстанда өтеді.

Еске салсақ, бұған дейін клубтың бұрынғы бас директоры Қайсар Бекенов та клубтағы қиындықтар туралы айтқан еді.

«Жеңіс» – «Астана» матчы тең аяқталды

«Жеңіс» - «Астана матчы қалай өтті. Видео

«Ордабасы» сырт алаңда «Ұлытауды» жеңді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или