Жапония мен Швеция тең ойнады

Жапония мен Швеция тең ойнады

Әлем чемпионатының F тобындағы үшінші тур матчында Жапония мен Швеция құрамалары 1:1 есебімен тең ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудің бірінші таймында қос команда да есеп аша алмады. Үзілістен кейін жапондар алға шықты. Матчтың 56-минутында Дайзен Маэда швед қорғаушыларының арасынан шыққан пасты қабылдап, айып алаңына еніп, допты дәл бағыттады.

Алайда Швеция араға алты минут салып таразы басын теңестірді. 62-минутта Энтони Эланга айып алаңының сыртынан сол аяғымен керемет соққы жасап, есепті 1:1-ге жеткізді.

Осы нәтижеден кейін Жапония бес ұпай жинап, F тобында екінші орынға ие болды және әлем чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды. Плей-офф кезеңінде жапондар Бразилия құрамасымен кездеседі.

Ал Швеция төрт ұпаймен топта үшінші орын алды. Енді скандинавиялықтар басқа топтардағы нәтижелерді күтіп, үздік үшінші орын иегерлерінің қатарында плей-оффқа шығу мүмкіндігін сақтап отыр.

ӘЧ-2026: Нидерланд құрамасы Тунисті жеңді

Кюрасао құрамасы Кот-д’Ивуарға жол берді

Эквадор құрамасы Германияны жеңді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или