Нидерланд Тунисті турнирден тыс қалдырды

Нидерланд Тунисті турнирден тыс қалдырды

Әлем чемпионатының F тобындағы үшінші тур матчында Нидерланд құрамасы Тунисті 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қызғалдақтар елі» өкілдері кездесуді өте қарқынды бастады. Ойынның үшінші минутында Дензел Дюмфристің қапталдан берген пасынан кейін Тунис қорғаушысы допты өз қақпасына бағыттап, есеп ашылды.

Араға төрт минут салып Брайан Бробби айып добынан кейінгі комбинацияны сәтті аяқтап, Нидерландтың басымдығын екі есеге арттырды.

Екінші таймда Тунис интриганы қайта жандандырды. 54-минутта Хазем Мастури бұрыштамадан көтерілген допты баспен қақпаға тоғытып, есеп айырмасын қысқартты.

Алайда небәрі сегіз минуттан кейін Ян Пол ван Хекке де бұрыштамадан кейін баспен гол соғып, матчтың қорытынды есебін белгіледі – 3:1.

Осы жеңістің арқасында Нидерланд құрамасы жеті ұпай жинап, F тобында бірінші орынға ие болды және әлем чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды. Плей-офф кезеңінде нидерландтықтардың қарсыласы Марокко құрамасы болады.

Кюрасао құрамасы Кот-д’Ивуарға жол берді

Эквадор құрамасы Германияны жеңді

Кот-д’Ивуар бапкері шешуші матч алдында мәлімдеме жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или