Фаэ: «Команда Германиядан жеңілгеннен кейін қалпына келді»

Фаэ: «Команда Германиядан жеңілгеннен кейін қалпына келді»

Кот-д’Ивуар құрамасының бас бапкері Эмерс Фаэ 2026 жылғы әлем чемпионатындағы Кюрасаоға қарсы матч алдында командасының басты мақсатын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маманның пікірінше, команда Эквадор және Германиямен өткен ойындардағыдай жоғары қарқын, жігер мен тәртіп көрсете алса, келесі кезеңге шығуға толық мүмкіндігі бар.

«Қарсыласқа құрметпен қарап, өз деңгейімізді көрсете алсақ, плей-оффқа өту мүмкіндігіміз жоғары болады. Команда Германиядан жеңілгеннен кейін қалпына келді. Ойыншылар тарихи жетістікке бір қадам қалғанын жақсы түсінеді»  деді Фаэ.

Айта кетелік, Кот-д’Ивуар мен Кюрасао арасындағы кездесу Е тобындағы жолдаманың тағдырын шешетін маңызды матчтардың бірі болмақ.

Иран құрамасы барлық қиындыққа қарамастан плей-оффқа шығуды көздеп отыр




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или