Иран құрамасы плей-оффқа шығуды көздеп отыр
2026 жылғы әлем чемпионатында Иран құрамасы АҚШ-тағы ұйымдастыру мәселелеріне қарамастан, плей-офф жолдамасы үшін күресті жалғастыруға ниетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Иран футбол федерациясының мәлімдеуінше, команда АҚШ әуежайында үшінші рет кідіртілген. Әсіресе капитан Мехди Тареми мен бапкерлер штабының мүшесі Саид Әлхои қосымша тексеруден өткендіктен, бүкіл құраманың Сиэтлге ұшуы кешіккен.
Соған қарамастан ирандықтар Мысырға қарсы шешуші матчқа тыңғылықты дайындалып жатыр. Қазір Иранның еншісінде екі ұпай бар, ал жеңіс командаға плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндік береді.
Айта кетелік, Иран тарапы мұндай жағдайлар дайындыққа кедергі келтіріп жатқанын айтса да, футболшылар барлық қиындықты еңсеріп, әлем чемпионатының келесі кезеңіне жолдама алуды мақсат етіп отыр.