Германия құрамасы Эквадорға есе жіберді

Германия құрамасы Эквадорға есе жіберді

Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші тур аясында Германия құрамасы Эквадормен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліс тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу немістер үшін сәтті басталды. Ойынның небәрі екінші минутында Флориан Вирцтың нәтижелі пасынан кейін Лерой Сане есеп ашып, Германияны алға шығарды.

Алайда Эквадор көп ұзамай таразы басын теңестірді. Тоғызыншы минутта Нильсон Ангуло алыстан дәл соққы жасап, есепті 1:1-ге жеткізді. Матчтың тағдыры 78-минутта шешілді. Бұрыштамадан көтерілген доп пен айып алаңындағы пас алмасудан кейін Гонсало Плата допты қақпаға бағыттап, Эквадорға жеңіс сыйлады.

Жеңіліске қарамастан, Германия құрамасы топтық кезеңді бірінші орында аяқтап, әлем чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды. Енді немістердің келесі қарсыласы басқа топтарда үшінші орын алған үздік құрамалардың бірі болады.

Ал Эквадор өз тобында үшінші орынға тұрақтады. Енді оңтүстікамерикалық құрама плей-офф кезеңіне шығу үшін басқа топтардағы нәтижелерді күтеді. Әлем чемпионатының регламентіне сәйкес, үшінші орын алған командалардың ішінен үздік сегіз құрама 1/16 финалға жолдама алады.

Кот-д’Ивуар бапкері шешуші матч алдында мәлімдеме жасады

Иран құрамасы барлық қиындыққа қарамастан плей-оффқа шығуды көздеп отыр

«Барселона» аргентиналық шабуылшыға тағы ұсыныс жасамақ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или