Кюрасао құрамасы Кот-д’Ивуарға есе жіберді

Кюрасао құрамасы Кот-д’Ивуарға есе жіберді

Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші турда Кот-д’Ивуар құрамасы Кюрасаоны 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Африкалық команда матчтағы есепті ерте ашты. Ойынның 7-минутында Николя Пепе қапталдан келген пасты дәл аяқтап, өз командасын алға шығарды.

Екінші таймда Пепе тағы бір мәрте мергендігімен көзге түсті. 64-минутта шабуылшы өзінің екінші голын соғып, дубль авторы атанды және кездесудің қорытынды есебін белгіледі – 2:0.

Осы жеңістің арқасында Кот-д’Ивуар алты ұпай жинап, Е тобында екінші орынға ие болды және 1/16 финалға жолдама алды. Енді африкалық ұжым I тобында екінші орын алған құрамамен кездеседі. Бұл топта Франция мен Норвегия құрамалары өнер көрсетіп жатыр.

Ал Кюрасао құрамасы топтық кезеңді бір ғана ұпаймен соңғы орында аяқтап, әлем чемпионатындағы өнерін тәмамдады.

Эквадор құрамасы Германияны жеңді

Кот-д’Ивуар бапкері шешуші матч алдында мәлімдеме жасады

Кюрасао бапкері Кот-д’Ивуарға қарсы матч алдында сенімді мәлімдеме жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или