1XBET - ставки на спорт

Семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы Азия чемпионатында чемпион атанды

Семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы Азия чемпионатында чемпион атанды

Семсерлесуден Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан сары құрлық додасының кезекті күнінде сапы сайысынан ерлер арасындағы командалық жарыстың жүлдесі сарапқа салынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақтық сында Ерлік Сертай, Никита Жулинский, Вадим Шарлаимов, Кирилл Проходовтан құралған командамыз өзінің бітіспес қарсыласы саналатын Жапониямен сынға түсіп, 45:40 есебімен жеңіске жетті.

Жарыс барысында Қазақстан құрамасы 1/8 финалда Ираннан (45:27), ширек финалда Өзбекстаннан (45:37), жартылай финалда Оңтүстік Кореядан (45:33) басым түскен еді.

Айта кетейік, дәл қазіргі сәтте Жапония құрамасы әлемдік рейтингте 2-орында келе жатыр. Ал Қазақстанның ерлер құрамасы 6-орында тұр. 

Тарихи алтын! Қазақстандық семсерші Азия чемпионатында топ жарды

Қазақстан каратэден Азия чемпионатын үздік үштікте аяқтады

Қазақстандық атлеттер Азия чемпионатында топ жарды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или