Ямалдың әріптесі оның мансабы туралы пікір білдірді
Испания құрамасы мен «Барселонаның» шабуылшысы Нико Уильямс жас жұлдыз Ламин Ямалдың болашағына қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Футболшының айтуынша, Ямаль қазірдің өзінде әлемдік деңгейдегі ерекше ойыншы және ең үздіктердің бірі болуға толық мүмкіндігі бар.
Уильямс оның тұрақты түрде ойнап, формасын жақсартып отыруы маңызды екенін атап өтті. Сонда ғана жас футболшы өзінің ең мықты деңгейін толық көрсете алады.
Айта кетелік, Испания құрамасы Әлем чемпионатын Кабо-Вердемен 0:0 есебіндегі тең ойыннан бастады. Ламин Ямаль бұл кездесуде алаңға екінші таймда шыққан болатын. Алдағы матчтарда Испания Сауд Арабиясы және Уругвай құрамаларымен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или