Ашраф Хакими зорлау ісі бойынша сот алдында жауап береді
Версаль апелляциялық соты ПСЖ мен Марокко құрамасының футболшысы Ашраф Хакимидің зорлау айыбы бойынша сот ісіне тартылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дереккөздің мәліметінше, футболшының апелляциялық шағымы қабылданбаған және іс сотқа жолданған. Тыңдау алдағы айларға жоспарланған.
Бұған дейін 24 жастағы әйел полицияға Ашраф Хакимиге қатысты зорлық-зомбылық әрекеті туралы хабарлаған. Прокуратура 2023 жылы наурызда футболшыға қарсы іс қозғаған. Футболшының командасы барлық айыпты жоққа шығарып келеді.
27 жастағы Ашраф Хакими ПСЖ сапында ойнайды, команда сапында ол бес мәрте Франция чемпионатын, екі рет Франция кубогын, үш рет Франция суперкубогын жеңіп алған. Сондай-ақ кейінгі екі жыл қатарынан Чемпиондар лигасында топ жарды.
Қазір ол Марокко құрамасы сапында әлем чемпионатына қатысып жатыр.
Канада айқын басымдықпен жеңіске жетті
ӘЧ-2026: Плей-оффқа жолдама алған алғашқы құрама белгілі болды
Өзбекстанда әлем чемпионатынан кейін алаңдатарлық пікір айтылды