Мексика плей-офф кезеңіне жолдама алды
Әлем чемпионатының екінші турында Мексика құрамасы Оңтүстік Кореядан басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мундиаль қожайындарының бірі топтық кезеңде Оңтүстік Кореямен кездесті. Тартысты өткен матч 1:0 есебімен мексикалықтардың пайдасына аяқталды.
Матчтағы жалғыз голды екінші таймның басында (50 минут) Луис Ромо соқты.
Осы жеңістің арқасында Мексика құрамасы 6 ұпаймен өз тобында көш бастап, келесі кезеңге жолдама алды. Ал екінші орында үш ұпайы бар Оңтүстік Корея орналасқан. Чехия мен Оңтүстік Африка құрамаларындан бір ұпайдан бар.
Бұл топтағы соңғы ойын 25 маусым күні өтеді. Оңтүстік Африка мен Оңтүстік Корея кездессе, Мексика мен Чехия өзара кім мықтыны анықтайды.
Чехия тарихтағы лезде соғылған гол авторы атанды
Өзбекстанда әлем чемпионатынан кейін алаңдатарлық пікір айтылды