Хабибтің ойынша үздік үштікті Испания құрамасы түйіндейді

Хабибтің ойынша үздік үштікті Испания құрамасы түйіндейді

Аралас жекпе-жектен әлемге танымал Хабиб Нурмагомедов футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы кім боларына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, басты фаворит – Германия құрамасы.

Хабибтің болжамынша, Германия бірінші орын алса, екінші орынға Нидерланд құрамасы жайғасады. Ал үздік үштікті Испания құрамасы түйіндейді.

Спортшы бұл пікірін Okko Sport арнасына берген сұхбатында айтты. Оның таңдауы жанкүйерлер арасында қызу талқыланып жатыр.

Айта кетелік, футболдан әлем чемпионатының финалы 19 шілде күні АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласында өтеді.

Хабиб Нурмагомедов ӘЧ-2026 турнирін кім жеңеріне болжам жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или