«Гана» «Панамаға» қарсы соңғы минуттарда жеңіске жетті

«Гана» «Панамаға» қарсы соңғы минуттарда жеңіске жетті

Гана құрамасы әлем чемпионатындағы Панамаға қарсы ойында соңғы минуттарда жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 1:0 есебімен аяқталды, ал шешуші гол қосымша уақытта соғылды.

Бас бапкер Карлос Кейруш матч оңай болмағанын айтып, мұндай жеңістердің құнын ерекше атап өтті. Оның сөзінше, команда қиын жағдайда да соңына дейін күресуге дайын екенін көрсетті.

«Бүгінгі матчта көрсеткен ойынмен біз Гананың алға қадам жасай алатынына сенеміз» деді маман.

Сондай-ақ ол жартылай қорғаушы Томас Партидің саптан тыс қалуына қатысты жағдайға жөнді түсінік бермеді. Бұл мәселе визалық шектеулермен байланысты екені айтылды.

Кейруш Панама ойыншыларының қатты ойнағанын айтып, өз командасының бірінші таймда жеткілікті агрессия көрсете алмағанын да сынға алды.

Айта кетелік, ал қақпашы Ати Зиги жарақат алып, үзілісте алмастырылды. Оның келесі Англияға қарсы матчқа қатысу-қатыспауы әлі белгісіз.

Ресми: Ибраима Конате «Реал» ойыншысы атанды




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или