A тобында Чехия мен Оңтүстік Африка кездеседі
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының A тобында Чехия мен Оңтүстік Африка құрамалары өзара кездеседі. Қос команда да алғашқы турдан кейін ұпайсыз қалып, турнирлік кестеде төменгі орындарда тұр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Чехия бірінші ойында жеңіліп, қазір топта үшінші орында келеді. Команда Мексика мен Оңтүстік Кореядан үш ұпайға қалып қойып, екінші орын үшін күресті жалғастыруға тырысады.
Оңтүстік Африка да алғашқы турда ұпай ала алмады. Олар Чехиямен тең жағдайда тұр және бұл матч екі құрама үшін де плей-оффқа үмітті сақтап қалуда шешуші болмақ.
Айта кетелік, бұл кездесу 18 маусым күні Астана уақытымен 21:00-де басталып, тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или