Өзбекстан Колумбиядан жеңілгеннен кейін пікір пілдірді

Өзбекстан Колумбиядан жеңілгеннен кейін пікір пілдірді

Өзбекстан ұлттық құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Владимир Маминов Колумбиядан жеңілгеннен кейін команданың алдағы мүмкіндіктеріне қатысты күмәнді пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маминовтың айтуынша, Колумбияға қарсы 1:3 есебіндегі жеңіліс күтпеген нәтиже емес. Оның пікірінше, қос құраманың деңгейі әртүрлі болғандықтан, мұндай есеп матч басталмай тұрып-ақ болжанған.

Сарапшы сондай-ақ Өзбекстанның Португалия және Конго Демократиялық Республикасына қарсы мүмкіндігі туралы нақты пікір айтудан бас тартты. «Бұл туралы айтар сөзім жоқ»  деді ол.

Айта кетелік, Өзбекстан құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатына қатысып отыр. Алғашқы турдан кейін команда ұпайсыз қалып, K тобында соңғы орында тұр. Келесі матчтарын Португалия және Конго Демократиялық Республикасына қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или