Канада құрамасы жауапсыз алты гол соқты
Әлем чемпионатының екінші турында Канада құрамасы Қатарды сенімді түрде жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Джесси Марш бастаған Канада құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші ойында жеңіске жетті. Ванкуверде өткен матчта олар Қатар құрамасынан 6:0 есебімен басым түсті.
Гол авторлары: Ларин 16, Дэвид 29, 45+3, 90+2, Салиба 64, Әл-Манай 75 (АГ).
Айта кетейік, Қатар құрамасының ойыншылары Әл-Амин мен Мадибо ойын барысында қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Осы жеңістің арқасында турнир қожайындарының бірі өз тобында төрт ұпаймен көш бастады. Екінші орында дәл осындай ұпайы бар Швейцария орналасқан. Ал Босния және Герцеговина мен Қатар құрамаларында бір ұпайдан бар.
Бұл топтағы соңғы ойын 24 маусым күні өтеді.
ӘЧ-2026: Плей-оффқа жолдама алған алғашқы құрама белгілі болды
Өзбекстанда әлем чемпионатынан кейін алаңдатарлық пікір айтылды