Венгриялықтардың мундиальдағы керемет жетістіктері

Венгриялықтардың мундиальдағы керемет жетістіктері

1982 жылғы әлем чемпионаты футбол тарихына ерекше рекордпен енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Испанияда өткен мундиальда Венгрия құрамасы Сальвадорды 10:1 есебімен ойсырата жеңіп, әлем чемпионаты тарихындағы ең ірі жеңісті тіркеді. Бұл көрсеткіш арада 44 жыл өтсе де жаңарған жоқ.

Әлгі Венгрия-Сальвадор кездесуінде тағы бір ерекше рекорд болды. Венгрия шабуылшысы Ласло Киш екінші таймда алаңға қосалқы құрамнан шығып, небәрі жеті минуттың ішінде хет-трик жасады. Ол бүгінге дейін әлем чемпионаты тарихындағы ең жылдам хет-трик.

Ал 1954 жылғы мундиальда Венгрия құрамасы небәрі 5 матчта 27 гол соғып, бір әлем чемпионатындағы ең көп гол рекордын орнатты. Бұл көрсеткіш арада жетпіс жылдан астам уақыт өтсе де әлі күнге дейін жаңарған жоқ.

Айта кетейік, дәл осындай жетістіктері бар Венгрия құрамасы іріктеу кезеңінен өте алмай, осы жылы өтіп жатқан мундиальдан тыс қалған еді.

Канада айқын басымдықпен жеңіске жетті

ӘЧ-2026: Плей-оффқа жолдама алған алғашқы құрама белгілі болды

Өзбекстанда әлем чемпионатынан кейін алаңдатарлық пікір айтылды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или