Меркель елордалық «Астана» клубымен келісімшартқа отырды

Меркель елордалық «Астана» клубымен келісімшартқа отырды

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Меркель елордалық «Астана» клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тәжірибелі футболшы Германияның «Штутгарт» және Италияның атақты AC Milan академияларында тәрбиеленген. Ол мансабында Genoa, Udinese, Watford және басқа да Еуропа клубтарының намысын қорғаған.

Меркельдің соңғы клубы «Жеңіс» болды. Ол биыл қаңтар айында командаға қосылып, барлық турнирде 14 матч өткізіп, бір нәтижелі пас авторы атанды. Сондай-ақ футболшы Қазақстан ұлттық құрамасы сапында да бірнеше халықаралық кездесуге қатысқан.

Айта кетелік, Transfermarkt порталы Александр Меркельдің нарықтық құнын 500 мың еуроға бағалайды. Оның «Астанаға» ауысуы клубтың жазғы трансферлік науқанындағы маңызды күшеюлердің бірі саналады.

Қазақстандық клуб легионерлерін шығарып салды




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или