1XBET - ставки на спорт

Нұрбек Оралбай жарыс жолынан шығып қалды

Нұрбек Оралбай жарыс жолынан шығып қалды

Бүгін, 16 маусымда Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогының екінші кезеңінің кезекті жарыс күні өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кешкі сессияда екі боксшымыз шаршы алаңға көтерілді. Ерлер құрамасынан 90 келі салмаққа көтерілген Нұрбек Оралбай осы турнирдегі екінші кездесуін өткізді.

Жаңа салмақта сынға түсіп жатқан қазақстандық боксшы ширек финалда өзбекстандық Турабек Хабибуллаевпен қолғап түйістірді. Төрешілер шешімімен өзбек боксшысы жеңіске жетіп (2:3), жартылай финалға жолдама алды.

Ал, әйелдер арасында шаршы алаңға көтерілген Лаура Есенгелді жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алған болатын. 70 келіде сынға түсіп жатқан Лаура 1/8 финалда Униа Мартинез Маспен (Испания) кездесіп, еш қиындықсыз барлық раундты өз еншісіне жазды. Есеп: 5:0.

Әлем кубогы: Наталья Богданова жарыс жолынан шығып қалды

Әлем кубогы: Қазақстан алғашқы жүлдесін еншіледі

Қазақстан әйелдер құрамасының алғашқы қарсыластары анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или