«Астана» клубына екі легионер қосылуы мүмкін
Легионерлер Юрий Вакулько мен Александр Меркель елордалық «Астана» сапына қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде инсайдерлік ақпарат көздерінен белгілі болды. Қазірге дейін Вакулько «Ордабасы» сапында ойнаса, Меркель «Жеңістің» намысын қорғады. Екеуі де өз командасынан кеткені белгілі болды.
Айта кетейік, 34 жастағы жартылай қорғаушы Александр Меркель «Жеңіс» сапына осы маусымның басында ғана қосылғанымен көп ойын уақытын ала қоймады және нәтижелі ойынымен де көз түспеді.
Ал украиналық қорғаушы Юрий Вакулко «Ордабасы» сапына өткен жылдың жазында қосылған еді.
«Астана» - «Ертіс» матчы қалай өтті. Видео
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или