Нұрбек Оралбай пен Серік Теміржанов алғашқы жекпе-жектерін сенімді өткізді
Бүгін Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогының екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алғашқы жарыс күнінің таңға сессиясында Қазақстан ерлер құрамасынан Нұрбек Оралбай пен Серік Теміржанов шаршы алаңға көтерілді.
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай 1/8 финалда Оңтүстік Корея өкілі Гичшае Киммен жұдырықтасты. Жекпе-жек барысында отандасымыз қарсыласын 3 мәрте нокдаунға жіберді. Нәтижесінде төреші 2-раундта айқасты тоқтатты. Айта кетейік, бұл Нұрбекті жаңа салмақтағы (90 келә) алғашқы жекпе-жегі.
Ал 60 келідегі Серік Теміржанов 1/16 финалда Германия боксшысы Денис Брилді 5:0 есебімен жеңді.
Әлем кубогына қатысатын құрам белгілі болды
Әлем кубогында қазақстандық боксшылар кіммен шығады?
Әлем кубогы: Қазақстан әйелдер құрамасының алғашқы қарсыластары анықталды