Бразилиялық қақпашы: «Оның қызметі, бәлки ел президентінің қызметінен ауыр»
Бразилия құрамасының қақпашысы Алиссон Беккер бас бапкер Карло Анчелоттиге түсетін қысымның өте жоғары екенін айтып, көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Англияның «Ливерпуль» клубында өнер көрсететін тәжірибелі қақпашының пікірінше, Бразилия құрамасын жаттықтыру кей жағдайда ел президенті болудан да қиын.
«Оның қызметі, бәлки ел президентінің қызметінен ауыр болар» деді Алиссон.
Карло Анчелотти 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында Бразилия құрамасын басқаруға келген болатын. Жанкүйерлер мен мамандар әйгілі маманнан тек жеңіс күтеді.
Айта кетелік, Бразилия құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын Мароккоға қарсы өткізеді. Сонымен қатар топтық кезеңде Гаити және Шотландия құрамаларымен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или