Юрий Семин: «Роналду ұлы футболшы, тарих иесі»

Юрий Семин: «Роналду ұлы футболшы, тарих иесі»

Ресей ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Юрий Семин Криштиану Роналдудың Португалия құрамасындағы рөлі мен әлем чемпионатындағы мүмкіндігіне баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Семиннің айтуынша, Португалия құрамасы өте мықты, алайда соңғы турнирлерде тұрақты нәтиже көрсете алмай жүр.

Ол Роналдуды «ұлы футболшы, тарих иесі» деп атап өтті, бірақ бұл әлем чемпионатында ол шешуші рөл атқармайтынын айтты.

Семин Португалия құрамасында жоғары деңгейдегі көптеген ойыншылар бар екенін, олардың ішінде «ПСЖ»-дан Невеш, Витинья және Мендешті мысалға келтірді.

Айта кетелік, Әлем чемпионаты 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Португалия K тобында ДР Конго, Өзбекстан және Колумбиямен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или