«Пари Сен-Жермен» Микаэль Олизені өз қатарына қоспақ

«Пари Сен-Жермен» Микаэль Олизені өз қатарына қоспақ

Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы Германияның «Бавариясында» ойнайтын француз шабуылшысы Микаэль Олизені өз қатарына қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, париждік клуб футболшыны жазғы трансфер кезеңінде сатып алуға мүдделі. Клуб басшылығы ойыншыны өз жобасына тартуға сенімді.

Өткен маусымда Олизе барлық турнирде 52 матч өткізіп, 22 гол соғып, 31 нәтижелі пас берген. Бұл көрсеткіштер оны Еуропадағы ең тиімді шабуылшылардың біріне айналдырды.

Айта кетелік, футболшының «Бавариямен» келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін жарамды. Оның трансферлік құны шамамен 150 миллион еуроға бағаланып отыр.

Әлем чемпионатына қатысатын ең егде жастағы футболшылар

Әлем чемпионаты: Ашылу салтанатының тікелей трансляциясы

Видео. Алаңға оралған Месси Аргентинаның жеңісіне үлес қосты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или