Қазақстандық теннисші Словакиядағы жарыстың үшінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Словакиядағы жарыстың үшінші айналымына өтті

Қазақстанның екінші, әлемнің 97-ракеткасы Александр Шевченко Братислава (Словакия) челлендер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда рейтингіде 249-орындағы чехиялық, 22 жастағы Гинек Бартонмен шеберлік байқасты. Бұл олардың өзара алғашқы кездесуі еді.

Матчты чехиялық спортшы сәтті бастады — 6:4. Дегенмен бұдан кейін А.Шевченко таразы басын аударып, камбэк жасай білді — 6:3, 7:5.

Екі сағат 1 минутқа созылған тартысты бәсекеде Шевченко 2 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жіберген жоқ. Бартон 2 эйс, 2 брейкпен (3 брейк-пойнт) көзге түсті. 

Бубликтың жұптағы серіктесі Штутгарт турнирінен шығып қалды

Рыбакинаның Лондондағы турнирдегі алғашқы қарсыласы анықталды

Жұптық сында Қазақстанның үздігі Лондон турниріндегі жолын бастайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или