Серена Уильямс пен Виктория Мбоко жұптық турнирден бас тартты
«Үлкен дулыға» турнирінің 23 дүркі жеңімпазы, америкалық теннистің аңызы Серена Уильямс пен канадалық Виктория Мбоко жұптық турнирден бас тартуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Лондондағы «500» санатындағы турнирде өнер көрсетіп жүрген қос теннисші келесі кезеңдегі матчқа шығуы тиіс болған. Алайда Виктория Мбоконың алдыңғы күнгі жекелей ойында алған жарақаты салдарынан жұп жарысынан бас тартылды.
Ол чехиялық Каролина Плишковамен кездесуде кортта құлап, ойынды мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болған.
Айта кетелік, бірінші айналымда Уильямс пен Мбоко жеңіске жеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или