«Жібек жолы: Мәскеу-Астана-Бейжің» раллиі Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

2016 жылдың 8 шілдесінде Мәскеудің Қызыл алаңынан Шығысқа қарай «Жібек жолы» ралли-марафоны керуені бағыт алады.

Жарыс Ресей, Қазақстан және Қытай аумақтарында ұйымдастырылып, Мәскеу-Астана-Бейжің арқылы өтеді. Екі апта ішінде қатысушылар 10 мың шақырым жерді еңсереді және оның жартысынан астамы жылдамдығы жоғары арнайы учаскелер болып табылады.

«Аталған жоба Қазақстан, Түркіменстан және Ресейдің қатысуымен 2009 жылы бастау алған еді. Биыл біз ресейлік және қытайлық әріптестермен бірлесе осы шараны ұйымдастырудамыз. Ралли Қазақстанда Қостанай, Астана, Балқаш, Алматы бағдары арқылы өтеді. Өздеріңіз де білесіздер, біздің еліміздің табиғаты өте көркем, сондықтан да жарысқа қатысушыларға құмдақ, жазық, таулы жерлерді еңсеру ұнайды деген ойдамын»,-деді Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру iстерi комитетiнiң төрағасы Елсияр Қанағатов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Айта кетейік, халықаралық раллиге 35 елден 1 мыңға жуық қатысушы жиналмақ. 2016 жылы«Жібек жолы» раллиі құрлықаралық болады.

«Жібек жолы»: Мәскеу-Астана- Бейжің» жарысы шілденің 8-24 аралығында өтеді. Бағдардың ара қашықтығы- 10 500 шақырым. Жарысқа қатысатын спортшылар ара қашықтықты рекордты 16 күннің ішінде еңсеруі тиіс болады. Бұл өз кезегінде спортшыларға оңайға түспейтіні анық»,-деді «Жібек жолы раллиі» жобасының атқарушы директоры Сергей Гиря.

Ұйымдастырушылыр трансұлттық жобаны Гиннестің рекордтар кітабына енгізуді көздеп отыр. «Себебі осындай ұзақ бағдарды қысқа мерзімде жүріп өту болған емес. Аталған раллидің ерекшелігіне тоқталатын болсақ, жарыстағы раллиге авиациялық топ ілесіп жүреді, яғни бұл тұрғыда 16-дан астам ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылмақ»,-деді ол.

ҚазАқпарат

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или