Софья Берульцева әлемнің үздік спортшысы атанды
Қазақстандық каратэші Софья Берульцева тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол 68 келі салмақ дәрежесінде 2026 жылғы маусымның қорытындысы бойынша әлемнің үздік спортшысы атанды.
Софья жыл басынан бері өткен алғашқы үш ірі халықаралық турнирде топ жарды. Соның нәтижесінде жарыс күнтізбесінде әлі бір кезең қалғанына қарамастан, қазақстандық спортшы маусым жеңімпазы атағын мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.
Осылайша, Софья Берульцева өз мансабында алғаш рет әлемдік рейтингтің көшбасшысы атанды. Ол Қазақстан құрамасы атынан бұл атақты жеңіп алған үшінші каратэші. Осыған дейін Мөлдір Жаңбырбай мен Әсел Қанай осы мәртебелі атақтың иегері атанған болатын.
Бұл атақ үшін халықаралық каратэ федерациясы атынан 5000 еуро көлемінде сыйақы беріледі.