World Karate рейтингінде ел намысын қыздар қорғап тұр

World Karate рейтингінде ел намысын қыздар қорғап тұр

World Karate ұйымының жаңартылған рейтингінде Қазақстаннан үш спортшы өз салмақтарында бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Премьер-лига турнирлерінің қорытындысы бойынша қазақстандық каратисткалар жоғары нәтижеге қол жеткізді. Бұл көрсеткіш еліміздің әйелдер құрамасының деңгейін айқын көрсетіп отыр.

68 келіден жоғары салмақта Софья Берульцева әлемдік рейтингтің көшін бастап тұр. Ол — Токио Олимпиадасының қола жүлдегері.

61 келіге дейінгі салмақта Асель Қанай бірінші орынға көтерілді. Ол — Азия чемпионы және ірі халықаралық жарыстардың жүлдегері.

Ал 50 келіге дейінгі салмақта Мөлдір Жаңбырбай рейтингтің бірінші сатысына шықты. Ол — 2023 жылғы әлем чемпионы, Азия чемпионы және Азия ойындарының күміс жүлдегері.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или