Қазақстан U19 өз тобында нәтижелі өнер көрсетті
19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының бірінші іріктеу кезеңінің соңғы турында Грекиядан жеңілгеніне қарамастан топтағы ең нәтижелі команда атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жастарымыз соңғы ойында 2:4 есебімен жеңіліп қалды. Бұған дейін Қазақстан құрамасы Португалиямен (1-1) тең ойнап, Сербияны (3-1) жеңген болатын. Осы нәтижелерінің арқасында Қазақстан құрамасы екінші іріктеу кезеңіне бұл матч алдында жолдама алған еді.
Топтағы бірінші орынға бес ұпаймен Португалия ие болды. Екінші орынға Грекия жайғасса, Александр Кузнецов баптайын Қазақстан үшінші орынға жайғасты. Екі құрама да төрт ұпайдан жинады. Үш ұпай олжалаған Сербия соңғы орыннан көрінді.
Үш матчта алты гол соққан Қазақстан топтағы ең нәтижелі команда атанды. Грекия төрт доп соқты. Португалия мен Сербия үш ойында екі голдан ғана соққан. Дегенмен, жастарымыз үш кездесді өз қақпасына алты гол өткізіп алды.
«Қайрат» футболшысы Исмаил Бекболат үш голымен топтағы сұрмергендер тізімінде көш бастады. 18 жастағы талантымыз Сербияға екі, Грекияға бір гол соқты.
Қазақстан жастары Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін таласты жалғастырады