«Ордабасының» қашан жекеменшікке өтетіні белгілі болды

«Ордабасының» қашан жекеменшікке өтетіні белгілі болды

«Ордабасы» футбол клубының президенті Дархан Қызайбаев команданың жекеменшікке өту жүйесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, клубтың жеке меншікке өтуі барлық әкімшілік рәсімдер толық аяқталғаннан кейін ғана жүзеге асады. Қазіргі уақытта бұл бағытта Шымкент қаласының әкімдігімен бірлескен жұмыс жүргізілуде.

«Бізде командада әкімдікпен тығыз жұмыс істейтін мамандар бар. Тендер бойынша барлық белгіленген рәсімдер аяқталған соң ғана клубты қабылдай аламыз. Қазір әлеуметтік желілерде түрлі әңгімелер айтылып жатыр, бірақ бізде әкімдікпен келісім мен меморандум бар. Клубқа кеткен шығындардың өтелуі де қарастырылған. Сондықтан жақын арада «Ордабасы» жекеменшікке өтеді деп ойлаймын», — деді Қызайбаев.

Қазіргі таңда «Ордабасы» клубы ресми түрде Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының балансында тұр. Бұған дейін клуб электронды сауда алаңына қайта шығарылып, сәтсіз өткен аукционнан кейін оның бағасы 224,1 млн теңгеден 156,9 млн теңгеге дейін төмендетілген. Алайда бұл жолы да өтінімдер тіркелмеген.

Қазақстан құрамасының ойыншысы алдағы матч жайлы пікірін айтты

Венгрия — Қазақстан жолдастық матчының тікелей трансляциясы

Қазақстан құрамасы сырт алаңда Армениямен тең тарқасты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или