Тікелей трансляция. Венгрия — Қазақстан жолдастық матчы
Бүгін, 9 маусым күні Венгрияның Дебрецен қаласында Венгрия мен Қазақстан құрамалары арасында жолдастық матч өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу «Надьердеи» стадионында біздің уақытпен сағат 22:00-де басталады. Матчты тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы маусымдағы алғашқы жолдастық ойында Армениямен 1:1 есебімен тең түсті. Ал Венгрия құрамасы Финляндияны 2:1 есебімен жеңген болатын.
Қазақстан мен Венгрия құрамалары бұған дейін екі рет кездескен. Екеуі де жолдастық матч аясында. 2014 жылы 0:3 есебімен жеңілсек, 2018 жылы 3:2 есебімен жеңгенбіз. Қазір 2014 жылғы құрамнан тек Сергей Малый қалса, 2018 жылғы құрамнан Сергей Малый, Исламбек Қуат, Роман Мұртазаев және Нұралы Әліп бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или