Қазақстандық спортшы велотректен өткен турнирде екінші орын алды

Қазақстандық спортшы велотректен өткен турнирде екінші орын алды

Қазақстандық Әлішер Жұмақан Прешов қаласында (Словакия) өткен тректегі велоспорттан Гран-при сериясының турнирінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz

Ұлттық құраманың өкілі «скрэтч» дисциплинасында екінші нәтиже көрсетті.

Бірінші орынды Польша спортшысы Дамиан Славэк иеленсе, түркиялық Мұстафа Таракчи мәре сызығын үшінші болып кесті.

Айта кетейік, Жұмақан биыл Гонконгта өткен Әлем кубогы кезеңінде омниум сайысында тоғызыншы орын алған болатын.

Қазақстан Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы франциядағы жарыста үздік ондыққа енді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или