Қазақстандық спортшы велотректен әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

Қазақстандық спортшы велотректен әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

Қазіргі таңда Гонконгта велотректен Әлем кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлер арасындағы «омниум» сайысында Қазақстан құрамасының өкілі Әлішер Жұмақан үздік ондыққа енді.

Жарыс қорытындысы бойынша Жұмақан тоғызыншы орын алды.

Алтын жүлдені нидерландтық Филип Хейнен жеңіп алды. Екінші орынды жапониялық Кадзусигэ Кубоки иеленсе, британиялық Мэттью Босток қола медальға қол жеткізді.

Қазақстан Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы франциядағы жарыста үздік ондыққа енді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или