Зария Қазақстанға орала ма?

Зария Қазақстанға орала ма?

Грузиялық жартылай қорғаушы Гиорги Зария «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ASnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы өткен маусымаралық кезеңде алматылық клубтан кетіп, еркін агент ретінде Тбилисидің «Динамосымен» биылғы жылдың соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойған болатын.

28 жастағы футболшы «Қайрат» сапында екі жыл өнер көрсетіп, 59 матчқа қатысты. Осы кездесулерде 16 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді. Зария алматылық командамен бірге Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанып, ел Суперкубогын жеңіп алды.

Қазақстан Премьер-лигасының 12 турынан кейін «Ақтөбе» 16 ұпаймен турнир кестесінің жетінші сатысында тұр.


Қазақстан құрамасы сырт алаңда Армениямен тең тарқасты

Қазақстан U-19 құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу тобында көш бастады

Қазақстан U-17 құрамасының аға бапкері: Басты мақсат – элиталық кезеңге шығу

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или